Ерғазы Томұғазыұлы Сағынаев (21.11.1951, Семей қаласында туған) - Грек-рим күресінен ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Қазақ.

Өмірбаяны Н.К. Крупская атындағы Семей мемлекеттік педагогикалық институтының дене тәрбиесі факультетін бітірген (1977), дене тәрбиесінің мұғалімі. 1977 жылдан - ОРМБЖСМ грек-рим күресінен жаттықтырушы. 1991 жылдан - облыстық КОРМБЖМ директоры, 1997 жылдан - грек-рим күресінен жаттықтырушы-оқытушы. 2001 жылдан - «Облыстық олимпиадалық спорт түрлері бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» MM директоры. 2006 жылдан бері - «Семей қаласы бойынша Шығыс Қазақстан облыстық олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» ММ-де грек-рим күресінен жаттықтырушы-оқытушы.

Шәкірттері Грек-рим күресінен жастар арасындағы Әлем чемпионатының 2 мәрте жүлдегері Асқар Жүрсімбаевды, жастар арасындағы КСРО Чемпионатының күміс жүлдегері Александр Черепановты тәрбиелеген.

Жетістіктері мен марапаттары

ҚР Президентінің Алғыс хатымен ескерілген (2001). Грек-рим күресінен ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

Шендері Әскери атағы - запастағы сержант.

Отбасы Әкесі - Сағынаев Томұғазы, «Левобережный» кеңшарында зоотехник болып жұмыс істеген. Анасы - Әзімбаева Күлғайша Әзімбайқызы, №1 перзентханада бас есепші болып жұмыс істеген. Үйленген. Жұбайы - Сағынаева Кәмила Қалиқызы (1954 жылы туған), бас дәрігердің орынбасары. Ұлдары - Сағынаев Бауыржан (1978 жылы туған), Сағынаев Ералы (1988 жылы туған).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалықаласы Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:21 қарашада туғандар Санат:1951 жылы туғандар Санат:Семейде туғандар Санат:Семей мемлекеттік педагогикалық институты түлектері Санат:Қазақстан грек-рим күресі жаттықтырушылары Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушылары