Анатолий Абрамович Беркман - 1946 жылы 27 шілдеде Тәжік КСР Регар ауданының Шахринау кентінде туған. Ленинград кеме жасау институтын (1970) кеме құрылысы жөніндегі инженер-технолог мамандығы бойынша; Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институтының аспирантурасын бітірген (1988). Техника ғылымдарының кандидаты (1988). «Шойын иінді біліктерді қалпына келтіру» (1985), «Компьютерлік магниттік-лазерлік терапияға арналған кабинеттер» (1993) монографияларының, сондай-ақ КСРО, ҚазКСР, ҚР журналдарында жарияланған 80 мақаланың авторы. «Шойын иінді біліктерді қалпына келтіру тәсілі» (1978), «Иінді біліктерді қалпына келтіру тәсілі» (1980) авторлық куәліктері бар.
1962 жылдан - Вагон жөндеу зауытының (Алматы қ.) ағаш шеберінің шәкірті, шебері. 1963-1964 жылдары - Алматы қаласы №3 таксомотор паркінің газэлектрпісірушісінің шәкірті, газэлектрпісірушісі. 1970 жылдан - М. Горький атындағы зауыттың (Татар КСР Зеленодольск қ.) шеберінің көмекшісі, дәнекерлеу бөлімінің инженері. 1973 жылдан - «Қазгазқұрылысқурастыру» тресінің аға инженері. 1974 жылдан - Қазақ автокөлігі ғылыми-зерттеу және жобалау институтының машина жөндеу бөлімінің аға инженері. 1976 жылдан - Алматы темір жол көлігі инженерлері институтының «Металлдар технологиясы» кафөдрасының аға ғылыми қызметкері. 1988 жылдан - «Қазавтокөліктехника» ғылыми-өндірістік бірлестігінде аға ғылыми қызметкері. 1991 жылдан - «Плазма» ғылыми-өндірістік бірлестігінің директоры. 1994 жылдан - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту бөлімінің бастығы. 1998 жылдан - ҚР Медициналық өнімдерді өндірушілер қауымдастығының («Қазақстанның МедФармы») вице-президенті; 2000 жылдан - президенті. КСРО ХШЖК қола медалімен (1985); ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің (1996), Апматы қаласы әкімінің (2002) грамоталарымен марапатталған. КСРО өнертапқышы (1987).Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер