Головкин Геннадий Геннадьевич (8 сәуір 1982 жыл Қарағанды, Қазақстан) — орта және екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінінің президенті (2024 жылдан), 2025 жылдың 23 қарашасында халықаралық World Boxing ұйымының президенті болып сайланды.

Бокстан Әлем чемпионы (2003), Афинада өткен Олимпиаданың (2004) күміс жүлдегері.

Кәсіпқой бокста IBF, WBA, IBO бойынша екі дүркін Әлем чемпионы.

WBA (2010–2018, 2022–2023); WBC (2016–2018), IBF (2015–2018, 2019–2023). The Ring журналына сәйкес P4P салмақ дәрежесіне қарамастан, үздік боксшылардың ондығына кіреді (2018).

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері. Қазақстан 7 дүркін чемпионы, 2000 жылғы жастар арасында Әлем чемпионы, Қазақстанның тұңғыш өткен спартакиада ойындарының чемпионы (2001), 2001 жылы өткен мұнай өндіруші елдер арасындағы Кубок жеңімпазы, III Шығыс Азия ойындарының чемпионы (2001).

Өмірбаяны

Отбасы Генадий Головкин 1982 жылдың 8 сәуір күні Қазақстанның Қарағанды қаласында Майқұдық ауданында өмірге келген.

Әкесі – Геннадий Иванович Головкин, мамандығы – шахтер, Карагандинская шахтасында қызмет етті. 2014 жылы дүниеден өтті. Анасы – Елизавета Сергеевна, ұлты кәріс, химиялық зертханада көмекші қызметін атқарған.

Головкиндер отбасында 4 ұл дүниеге келген. Вадим, Сергей, Генадий және Максим. Максим мен Геннадий егіздер, Максим Геннадийден 15 минут кейін туған. Екі ағасы әскерде қызмет атқарып, белгісіз жағдайларда қаза болды (Вадим - 1990 жылы, Сергей – 1994 жылы).

Бокс секциясына 8 жастағы Максим мен Геннадийді ағалары алып келеді.

Геннадий Головкиннің алғашқы бапкері Виктор Дмитриев, ал кейін Ғалым Кенжебаев болды. Максим Геннадийдің екінші бапкері ретінде қызмет етеді.

Ағайындылар бір сыныпта оқыды және бірдей салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен, бірақ бір-бірімен ешқашан бетпе-бет жұдырықтасқан емес. Бір-бірімен жұдырықтасуға тура келгенде, екеуінің біреуін жарыстан алып тастайтын болған. 2004 жылғы Олимпиадаға іріктеу кезінде осы себеппен Максим спорттан кетті.

Геннадий Головкин үйленген. Жолдасының есімі – Алина. Қарағанды қаласында туған. Геннадий мен Алина 2000 жылы танысып, 2007 жылы 7 шілдеде неке құрған. Отбасында екі ұл (2009 және 2019) мен бір қыз (2017) өсіріп жатыр. Тұңғыш ұлының есімі – Вадим. Алина жолдасының ойындарын қарауға бармайды. Геннадий хоккейді жақсы көргендіктен НХЛ ойындарына жанкүйер болып қатысады.

Әуесқой бокстағы мансабы Головкиннің әуесқой мансабы ұзаққа созылды әрі, қанық оқиғаға толы болды. Геннадий бокспен 8 жасынан бастап айналыса бастады. 1993 жылы оны облыстық бокстан өткен жарысқа бапкері жіберген болатын. Соңында осы сайыстан 3 жеңіс әкелді. Бұдан кейін ол облыстық, мемлекеттік және халықаралық бокстан жарыстарға үміткер болып қатыса бастады. Осы уақытқа дейін Геннадий Головкин өзінің қатысқан 350 жекпе-жегінде тек 5 рет қана жеңіліске ұшыраған.19 жасында шығыс боксында бірінші орын алады да, 2002 жылы бұл жеңісін тағы бір мәрте қайталайды. 2003 жылы Таиландта өткен боксшылар жекпе-жегінде өзінің 4 қарсыласының екеуін нокаутқа жібергені үшін бірінші орынды алады.

Өзінің алғашқы ресми белдесуін Головкин 11 жасында облыстық деңгейдегі жарыста өткізді. Онда ол өзінен 2-4 жас үлкен қарсыластармен белдесті, сөйтіп сол жарыста жеңіске жетті.

2000 жылы Геннадий Головкин Будапештте жартылай орта салмақ дәрежесіндегі жастар арасында өткен Чемпионатта жеңіске жетті.

2001 жылы Шығыс Азиялық ойындардың финалында Дэниэль Гилді жеңді (15:3).

2002 жылы Астанада өткен командалық Әлем кубогында Қазақстан құрамасының құрамында күміс медальді жеңіп алды. Головкин жарыстағы барлық 4 белдесуінде жеңіске қол жеткізді. Топтық кезеңде Қазақстан – Әзербайжан матчында Джавид Тагиевті жеңді (19:8), ал Қазақстан – Камерун матчында Фостер Нкодоны мерзімінен бұрын жеңді (RSCO 3). Жартылай финалдық Қазақстан - Ресей матчы кезінде Андрей Балановты жеңіп шықты (10:7). Ал жалпылай санағанда 7:5 есебімен кубалықтар жеңімпаз атанған Қазақстан – Куба финалдық матчында Дамиан Остинды жеңген болатын (6:4).

2002 жылы Пусанда (Оңтүстік Корея) алтын медальді жеңіп алды. Финалда Пхленчит Сурияны нокаутпен жеңді.

2003 жылы Бангкоктегі Әлем чемпионатында алдымен ресейлік Матвей Коробовты, кейін әйгілі ирландиялық Энди Лиді ірі есеппен жеңіп, содан соң болашақ әлем чемпионы – Лучиан Бутені нокаутпен жеңіп, жартылай финалда кубалық Йорданис Деспагноны жеңіп, финалда украиналық боксшы – Алексей Машкинді нокаутпен құлатып, алтын медальға ие болды.

2004 жылы Пуэрто–Принсесте (Филиппин) алтын медальді жеңіп алды. Ширек финалда оңтүстіккореялық Дук–Жин–Чоны, жартылай финалда қырғыз Қымбатбек Рысқұловты жеңіп, финалда жергілікті боксшы Кристофер Каматты 2 раундта тоқтатты.

Бокстан әлем чемпионаты (2003) Орташа салмақ Кезең Күні Спортшы Нәтижесі Спортшы 1/16 07.07.2003 Геннадий Головкин 19:10 Матвей Коробов 1/8 09.07.2003 Геннадий Головкин 29:9 Энди Ли 1/4 10.07.2003 Геннадий Головкин KO 4 Lucian Bute 1/2 11.07.2003 Геннадий Головкин 29:26 Yordanis Despaigne Финал 12.07.2003 Геннадий Головкин RSCI 2 Олег Машкин

Олимпиада ойындары 2004 жылғы Олимпиада ойындарында 75 кг дейінгі салмақ дәрежесінде 2-орынға ие болды. Іріктеу кезеңінде Головкиннен жеңілген Артаев 72 кг дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медальді жеңіп алды. Финалдың 1/16 бөлігі – автоматты түрде өтті;

Финалдың 1/8 бөлігі – Ахмед Али Ханды жеңді (Пәкістан) 31 – 10;

Финалдың 1/4 бөлігі – Рамадан Яссирді жеңді (Мысыр) 31 – 20;

Финалдың 1/2 бөлігі – Андре Дирелланы жеңді (АҚШ) 23 – 18;

Финал – Гайдарбек Гайдарбековтен жеңілді (Ресей) 18 – 28

Орташа салмақ Кезең Күні Спортшы Нәтижесі Спортшы 1/8 21.08.2004 Геннадий Головкин 31:10 Әли Ахмед Хан 1/4 25.08.2004 Геннадий Головкин 31:20 Ramadan Yasser 1/2 27.08.2004 Геннадий Головкин 23:18 Andre Dirrell Финал 28.08.2004 Геннадий Головкин 18:28 Гайдарбек Гайдарбеков

Бокстан әлем чемпионаты (2005) Орташа салмақ Кезең Күні Спортшы Нәтижесі Спортшы 1/16 15.11.2005 Геннадий Головкин 15:12 Nikola Sjekloca 1/8 16.11.2005 Геннадий Головкин 21:27 Mohamed Hikal

Кәсіпқой бокс мансабы Головкин кәсіпқой рингтегі дебютін 2006 жылы 24 мамырда Габор Балотқа қарсы ойында орта салмақ дәрежесінде жасады. Бірінші раунда- ақ қарсыласын нокаутқа жіберіп, жеңіске жетті. Осыдан кейін қатарынан 36 ойында жеңіске жетті, соның ішінде 32-сін уақытынан бұрын аяқтады.

Кәсіпқой боксқа келгеннен кейін Геннадийдің тіркелген компаниясы 5 жыл бойы оған лайықты қарсылас тауып бере алмағандықтан, бұл боксшының жұлдызы жанбады.

2007 жылдың қыркүйегінде француз Мехди Боудламен 8 – раундтық ұрыста ұпай саны бойынша жеңіске жетті (11 – 1).

2008 жылдың сәуірінде ұпай саны бойынша Иан Гарднерді жеңді.

2008 жылдың қараша айында белорус Малик Дзиарр 2-раундта белдесуден бас тартып, Головкин жеңіске жетті. (29 – 3).

2009 жылдың 11 шілдесінде алғашқы 12 раундтық айқасқа шықты. WBO интерконтинеталды чемпионы атағы үшін болған айқастың 2-раундында бразилиялық Джон Андерсон Карвальоны нокаутпен тізе бүктірді. Кейін жеңілмеген Михаил Макаровты нокаутпен жеңді. 2009 жылы Гена WBO-ның интерконтинентальды чемпионы белдігін алды.

2010 жылы Головкин ағайынды Кличколардың K2 Promotions промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырды.

2010 жылдың тамыз айында колумбиялық Милтон Нуньесті (21-1-1) 1 раундта нокаутпен жеңді. Бұл жеңіс арқылы ол WBA-ның уақытша тізіміне кірсе, 3 айдан кейін тізімге толығымен орнықты.

2011 жылы IBO версиясы бойынша 2 белдік алды. Жеке сынақ бойынша Әлем кубогының чемпионы (2002 ж.); «А» класты турнирлердің бірнеше мәрте жеңімпазы. WBA нұсқасы бойынша орташа салмақта әлем чемпионы (атағын 8 рет қорғады), IBO нұсқасы бойынша орташа салмақта әлем чемпионы (атағын 5 рет қорғады).

2012 жылы Феликс Штурмды жеңген аустралиялық Дэвид Гил міндетті түрде осы жыл аяғына дейін өз белбеуін Геннадийге қарсы қорғауға шақырғанымен, Гил басқа өз отандасымен жекпе жекке шығуға шешкен. Осының нәтижесінде WBA Генаға Гилдің титулын тартып алып берді, яғни Гена - суперчемпион атанды.Геннадий Головкин WBA титулының иегері атанды

Кәсіби ойындардың статистикасы

| style="text-align:center;" colspan="8"|42 жеңіс (37 нокаут), 1 жеңіліс, 1 тең Gennady Golovkin's Professional Boxing Record – BoxRec.com |- style="text-align:center; background:#e3e3e3;" | style="border-style:none none solid solid; "|Нәтиже | style="border-style:none none solid solid; "|Есеп | style="border-style:none none solid solid; "|Қарсылас | style="border-style:none none solid solid; "|Тип | style="border-style:none none solid solid; "|Раунд | style="border-style:none none solid solid; "|Күні | style="border-style:none none solid solid; "|Болған жер | style="border-style:none none solid solid; "|Ескерту |- align=center |Жеңді||34-0 || align=left| Давид Лемье

|align=left| |align=left| |- align=center |Жеңді||33-0 || align=left| Вилли Монро

|align=left| |align=left| |- align=center |Жеңді||32-0 || align=left| Мартин Мюррей

|align=left| |align=left| |- align=center |Жеңді||31-0 || align=left| Марко Антонио Рубио

|align=left| |align=left| |- align=center |Жеңді||30-0 || align=left| Дэниэл Гил

|align=left| |align=left| |- align=center |Жеңді ||29-0|| align=left| Осуману Адама

|align=left| |align=left| |- align=center |Жеңді ||28-0|| align=left| Кёртис Стивенс

|align=left| |align=left| |- align=center |Жеңді ||27-0|| align=left| Мэтью Маклин

|align=left| |align=left| |- align=center |Жеңді ||26-0|| align=left| Нобухиро Ишида

|align=left| |align=left| |- align=center |Жеңді ||25-0|| align=left| Габриел Росадо

|align=left| |align=left| |- align=center |Жеңді ||24-0|| align=left| Гжегож Прокса

|align=left| |align=left| |- align=center |Жеңді ||23-0|| align=left| Макото Фучигами

|align=left| |align=left| |- align=center |Жеңді ||22–0|| align=left| Лахуан Саймон

|align=left| |align=left| |- align=center |Жеңді ||21–0|| align=left| Кассим Оума

|align=left| |align=left| |- align=center |Жеңді ||20–0|| align=left| Нилсон Хулио Тапиа

|align=left| |align=left| |- align=center |Жеңді ||19–0|| align=left| Милтон Нунез

|align=left| |align=left| |- align=center |Жеңді ||18–0|| align=left| Михаил Макаров

|align=left| |align=left| |- align=center |Жеңді ||17–0|| align=left| Джон Андерсон Карвальо

|align=left| |align=left| |- align=center |Жеңді ||16–0|| align=left| Энтони Гринидж

|align=left| |align=left| |- align=center |Жеңді ||15–0|| align=left| Хавьер Альберто Мамани

|align=left| |align=left| |- align=center |Жеңді ||14–0|| align=left| Малик Дзиарра

|align=left| |align=left| |- align=center |Жеңді ||13–0|| align=left| Амар Амари

|align=left| |align=left| |- align=center |Жеңді ||12–0|| align=left| Ибрагим Сид

|align=left| |align=left| |- align=center |Жеңді ||11–0|| align=left| Ян Гарднер

|align=left| |align=left| |- align=center |Жеңді ||10–0|| align=left| Тшепо Машего

|align=left| |align=left| |- align=center |Жеңді ||9–0|| align=left| Мехди Буадла

|align=left| |align=left| |- align=center |Жеңді ||8–0|| align=left| Сергей Хомитский

|align=left| |align=left| |- align=center |Жеңді ||7–0|| align=left| Саймон Мокоена

|align=left| |align=left| |- align=center |Жеңді ||6–0|| align=left| Сильвен Гомис

|align=left| |align=left| |- align=center |Жеңді ||5–0|| align=left| Хорхе Ариел Гарсия

|align=left| |align=left| |- align=center |Жеңді ||4–0|| align=left| Мартинс Кукулис

|align=left| |align=left| |- align=center |Жеңді ||3–0|| align=left| Даниел Урбанский

|align=left| |align=left| |- align=center |Жеңді ||2–0|| align=left| Сергей Наварка

|align=left| |align=left| |- align=center |Жеңді ||1–0|| align=left| Габор Балог

|align=left| |align=left| |- align=center

Головкин стилі

GGG белгісі

Жетістіктері 2003 жылы әлем чемпионы және 2004 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері. 7 дүркін Қазақстан Республикасының чемпионы, халықаралық турнирлердің жеңімпазы: жастар арасындағы әлем чемпионы (Мажарстан, Будапешт, 2000 ж.); ҚР I спартакиадасының чемпионы (2001 ж.);