Есенгелді Дауытұлы Дүйсенбаев (15.11.1956, РКФСР, Орынбор облысы, Дамбар ауданы, Богоявленко ауылы) - солист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақ.
Өмірбаяны Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оркестрлік факультетін бітірген (1992), мамандануы «саксофон», концерттік орындаушы, оркестрдің солисі. 1991 жылдан бері - Ғ . Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының директоры - көркемдік жетекшісі. Марапаттары Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері. Отбасы
Әкесі - Дүйсенбаев Дауыт, марқұм. Анасы - Дүйсенбаева Балдай, зейнеткер, сауда саласының қызметкері. Үйленген. Жұбайы - Омарова Зәмзагүл, Ғ. Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясында жұмыс істейді. Ұлы - Дүйсенбаев Дастан (2005 ж.т.).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:15 қарашада туғандар Санат:1956 жылы туғандар Санат:Дамбар ауданында туғандар Санат:Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы түлектері Санат:Қазақстан музыканттары Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Санат:Ақтөбе облыстық филармониясы тұлғалары