Талдыеспе – Сарысу алабындағы өзен.

Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданындағы өзен. Ұзындығы 54 км, алабының ауданы 310 км2.

Бастауы Қосмұрын тауының оңтүстік-шығыс етегінен басталып, Тағалы ауылынан 7 км шығысқа карай Жаман Сарысу өзеніне құяды.

Гидрологиясы Аңғары кең, 4 км-ге жетеді. Жайылмасы 300-400 м. Жағасы түйетайлы. Қар, жер асты суымен толысады. Сәуірде тасып, жазда қарасуларға бөлініп қалады. Алабы — жайылым.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Шет ауданы өзендері Санат:Сарысу су алабы