Филипп Павлович Волошин (1978 жылы 10 желтоқсанда Алматыда туған) — актер, тележүргізуші, музыкант, дыбыстаушы.
Өмірбаяны Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетін бітірген (2004), заңгер.
2002 жылдан - НТК телеарнасындағы телебағдарламаның автор-жүргізушісі.
2005 жылдан бері - Республикалық неміс драма театрының актері.
Рөлдері, бағдарламалары мен топтары «Оскар и Розовая дама», «Карлик Hoc», «Волк в папахе», «Свобода» спектакльдерінде ойнайды.
А. Қарақұловтың «Нереальная любовь», «Кто вы, господин К?» (Игорек) фильмдеріне түскен.
«На ковер», «Оставайтесь с нами» телебағдарламаларының жүргізушісі.
«Кино и немцы» кабаре-драйв» тобының жеке орындаушысы.
Жеке өмірі Орыс, ағылшын және неміс тілдерін біледі.
Үйленген. Жұбайы - Азарова Мария Викторовна, театр актері. Қызы - Волошина Таисья Филипповна.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:Қазақстан тележүргізушілері Санат:Қазақстан дыбыстаушылары Санат:Қазақстан музыканттары