Талдыеспейсай – Шалқартеңіз алабындағы өзен.
Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы жерімен ағады. Ұзындығыы 71 км, су жинауы алабы 769 км 2.
Бастауы Ұлытаудың оңтүстігіндегі Жыландытөбе қыратынан басталып, Тұрмахансай құрғақ арнасына құяды.
Гидрологиясы Жайылмасы 2 км- ге дейін. Қар суымен қоректенеді. Жазда арнасы құрғап қалады. Көпжылдық орташа су шығыны 0,50 текше м/сек. 4 саласы бар, ірілері : Ақмолда , Ұрысай , Тарау. Талдыеспейсай аңғарында ғасырлардан бері қарай қызмет істеп келе жатқан құдықтар ( Байсалқұдық , Байтасқұдық , Тұрмахан ) бар. Мал суарылады, аңғары жайылымдық.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Ұлытау ауданы өзендері Санат:Шалқар су алабы