Геннадий Афанасьевич Щёлоков 1948 жылы 25 қаңтарда Семей облысы, Үржар ауданы, Ақжар ауылында туған. Орыс.

Әкесі - Щёлоков Афанасий Филиппович, марқұм. Анасы - Щёлокова Надежда Ивановна, зейнеткер.

Н.К. Крупская атындағы Семей мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген (1969), математика мүғалімі. 1969 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1970 жылдан - Семей облысы Үржар ауылы Крупская атындағы орта мектептің математика және физика пәндерінің мұғалімі. 1973 жылдан - Қазақстан ЛКЖО Үржар аудандық комитетінің екінші, бірінші хатшысы. 1976 жылдан бері - <<Спорттың олимпиадалық түрлерінен ОБЖС>> қалХББ MM №5 БЖСМ-де, ≪Семей облыстық ОБЖСМ≫ ММ-де семсерлесуден жаттықтырушы, аға-жаттықтырушы.

Азия ойындарының чемпионы Сергей Борисович Шабалинді дайындауға атсалысқан.

Сапымен семсерлесуден ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1995).

Әскери атағы - запастағы капитан.

Тұл ер. Жұбайы - Щёлокова Валентина Ивановна (1946-2003), мектепте химия пәнінен мұғалім болып жұмыс істеген. Қыздары - Елена (1971 жылы туған), Наталья (1973 жылы туған); ұлы - Дмитрий (1980 жылы туған).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:25 қаңтарда туғандар Санат:1948 жылы туғандар Санат:Үржар ауданында туғандар Санат:Қазақстан орыстары Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушылары