Семізбұғы – Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының солтүстік шығысында, Ботақара кентінен солтүстік шығысқа қарай 83 км жерде орналасқан тау. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 7 км-ге созылып жатыр. Көлденеңі 4 км, ең биік жері 1049 м.
Жер бедері, геологиялық құрылымы Беткейлері жайпақ. Девон жыныстарынан түзілген. Семізбұғының батыс етегінде Семізбұғы корунд кен орнын игеруге байланысты бой көтерген осы аттас кент орналасқан.
Өсімдігі Қызыл қоңыр сұр топырағыда қияқ, сұлыбас, бетеге өседі.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Бұқар жырау ауданы таулары