Тасқоралы – Сарыарқаның орталық бөлігіндегі тау.

Географиялық орны Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы жерінде, Жамбыл елді мекенінен солтүстік - шығысқа қарай 45 км жерде. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 12 км-ге созылып жатыр, ені 4 км. Абсолюттік биіктігі 988 м.

Жер бедері, геологиялық құрылымы Оңтүстік, оңтүстік-батыс беткейлері көлбеулеу келген бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Девонның гранитоидтық инфузивтік жыныс тарынан түзілген. Таудың солтүстік және солтүстік - шығыс беткейлері бұлаққа бай келеді, олардың бәрі қосылып Ащықарасу өзенін құрайды.

Өсімдігі Сортандау ашық қызыл қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бетеге, боз, бұталар өседі. Тау атырабы жайылымдық жер және мал қыстатуға пайдаланылады.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Жаңаарқа ауданы таулары