Жақаев атындағы көше. Көшеге Социалистік Еңбек Ері атағын екі рет алған әйгілі күріш өсірүші, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ыбырай Жақаевтың есімі (Алматы қаласы әкімдігінің 14.07.2008 №3/551 қаулысы) берілген. Жақаев Ыбырай Қызылорда облысы Шиелі ауданы «Қызыл ту» (кейінгі Ы. Жақаев атындағы) кеңшарының звено жетекшісі болған. Жақаевтың звеносы бекітілген күріш егісінің (20 га) әр гектарынан орта есеппен 171 ц өнім алып, әлемдік рекорд жасаған.
Көше Әуезов ауданындағы «Қалқаман» шағынауданында орналасқан. Кешенін ұзындығы - 780 метр.Алматы көшелері. Анықтамалық энциклопедия. – Алматы: “ИП Волошин” баспасы, 2009. ISBN 978-601-7157-18-0
Дереккөздер
Санат:Алматы көшелері