thumb|Ильминский Николай Иванович Ильминский Николай Иванович (23 сәуір 1822, Ресей, Пенза – 27 желтоқсан 1891, Қазан қаласы) – орыс педагогы, миссионер.
Өмірбаяны Пенза діни семинариясын (1842) бітірген. Қазан діни академиясын (1846) бітірген. Қазан діни академиясында оқытушы (1846–51) болған. Шығыс тілдерін жете меңгеру мақсатында ғылыми сапармен Сирия, Мысыр, Түркияны (1851–54) аралады. Қазан діни академиясында шығыс тілдерінен сабақ береді (1854–58). Орынбор шекаралық комиссиясында аудармашы (1858–61). Қазан университеттінің профессор (1861–72) қызметтерін атқарған. 1872 жылдан өмірінің соңына дейін өзі негізін қалаған Қазан мұғалімдер семинариясының директоры болды.
Ғылыми жұмыстары
«Материалы к изучению киргизского наречия» (Қазан, 1861) атты 200 беттік еңбегінің алғашқы 40 беті Қазақ тілінің фонетикасы мен грамматикасына арналған да, қалған 160 беті Қазақша-орысша сөздік ретінде берілген. Басқа да түркі тілдерін зерттеумен қатар ауыз әдебиеті нұсқаларын жинастырумен де («Ер Тарғын», Қазан, 1862; «Қисса Рабғузи», Қазан, 1859), этнограф, тарих мәселелерімен де шұғылданды (мыс., «Бабыр сұлтанның жазбалары», 1857). Патшалық Ресей үкіметі Еділ, Орал, Сібір аймақтарындағы «бұратана» халықтарға оқу-ағарту ісін жүргізуде Ильминский Николай Ивановичтің «педагогикалық жүйесін» қолданды. Осыған орай мектепте оқытудың білімдік мәнінен гөрі діни-насихаттық жағы басым болды. Осындай кемшіліктерге қарамастан Ильминский Николай Иванович отар халықтардың білім беру ісін дамытуға елеулі үлес қосты. Араб әліпбиі орнына орыс графикасына негізделген әліпби ұсынды. Ағартушы ғалым Ы.Алтынсаринмен қызметтес болып, ол туралы естелік жазды.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV томҚазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3
Дереккөздер
Профессор Н.И.Егоров. Выступление на чувашском языке (Круглый стол, посвященный к 195-летию со дня рождения Н.И. Ильминского, 120-летию Н.Н. Поппе и 145-летию К.П. Прокопьева). Чăвашла. Сергей Щербаков: Миссионерско-просветительская система Н.И. Ильминского и чуваши: две стороны одной медали Agabazar: Сумбур вместо гармонии
Санат:23 сәуірде туғандар Санат:1822 жылы туғандар Санат:Пензада туғандар Санат:27 желтоқсанда қайтыс болғандар Санат:1891 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазанда қайтыс болғандар Санат:Ресей империясы түркітанушылары Санат:Санкт-Петербург ғылым академиясының мүше-корреспонденттері Санат:Қылышты II дәрежелі Әулие Анна орденінің иегерлері Санат:Қылышты III дәрежелі Әулие Станислав орденінің иегерлері Санат:Қазан діни академиясы түлектері Санат:Арск зиратында жерленгендер Санат:Пенза діни училищесі түлектері Санат:Пенза діни семинариясы түлектері