Шопанұлы Балабек (1846, Жаңаарқа ауданы, Ақтау ауылы, Қосағалы мекені - 1925), төкпе ақын. Руы Кіші жүз Таманың Жөгі бұтағы.

Ескілікті өлең-толғауларды, қиссаларды көп жырлаған, өз жанынан да өлең шығарған. Балабектін Мұстафаны, Берденді жоқтауы, «Қайран Арқа», «Бәйсейіттің ерлігі» атты өлеңдері белгілі. «Ердеңді жоктауы» Арқадағы Тама елінін өлеңмен жазылған тарихы іспетгі. Онда Сеңгірбек батырдан бастап, Итемген би, Қылыш болыс тілге тиек болады.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:1846 жылы туғандар Санат:Жаңаарқа ауданында туғандар Санат:1925 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақ ақындары Санат:Қазақстан жыршылары