Жерасты газы. Жер қойнауының термобаралық жағдайында газ түрінде болатын табиғи ерітінді; қалыпты жағдайда жерасты газы конденсатқа және дербес газға ауысады. Жер қойнауында жерасты газы дисперленген түрде (жеке-жеке көпіршіктер құрайды) немесе жекелеген жатындар түрінде ұшырасуы ықтимал. Ол өзін кіріктіретін таужыныстарда қозғалыссыз қалуы немесе өзге өңірлерге жылыстауы мүмкін. Соңғы жағдайда табиғи газ білінімдері көрініс беретін болады.Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0

Дереккөздер

Санат:Геология Санат:Мұнай және газ