Кенжәлі Айманов (1.1.1917, Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Жәнібек (Батыс Қазақстан облысы) – 26.8.1974, Алматы қаласы) – мемлекет қайраткері, КСРО Педогогика Ғылымдар академиясының корреспондент мүшесі (1971).

Өмірбаяны ҚазПИ-ді (1937, қазіргі ҚазҰПУ) бітірген. 1941 жылы Қазалыда мұғалім болады. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Брест қорғанын қорғауға, Сталинград шайқасына және Керчьті азат етуге қатысқан. 1945 жылы Алматыға оралады. Алғашында қалалық комсомол комитетін басқарады. 1947-1952 жылдары ю18 мектепте физика мұғалімі, кейіннен директор. 1952 жылы Абай атындағы ҚазПИ-де физика-математика факультетінде оқытушы болып қызмет атқарды. ҚазПИ-де кафедра меңгерушісі (1960–63) Қазақ КСР-інің Оқу-ағарту министрі (1963–71) Республика Жоғары және арнаулы орта білім министрі (1971–74) қызметтерін атқарды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 7 және 8 шақырылымдарының депутаты. Қазақстан Компартиясының 12, 13 съездерінің делегаты, сол съездерде Қазақстан Компартиясы ОК мүшелігіне сайланды. КОКП 24 съезінің делегаты.

Еңбектері Аймановтың негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстары жоғары сынып оқушыларының автоматика, телемеханика, электроника элементтерін меңгеру мәселелеріне арналған. Кейбір еңбектері: «Атомная энергетика и её использование» (Алма-Ата, 1959); «Физика и автоматика: Пособие для учителей» (Алма-Ата, 1963).

Марапаттары Ленин орденімен Еңбек Қызыл Ту орденімен "Сталинградты қорғағаны үшін" медалімен бірнеше медальдармен марапатталған.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8

Дереккөздер

Санат:1 қаңтарда туғандар Санат:1917 жылы туғандар Санат:Жәнібек ауданында туғандар Санат:26 тамызда қайтыс болғандар Санат:1974 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті түлектері Санат:Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті оқытушылары Санат:Қазақ КСР халық комиссарлары мен министрлері Санат:Сталинград шайқасының қатысушылары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 7-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 8-шақырылымының депутаттары Санат:Кеңсай зиратында жерленгендер