Есепке алу пайызы - вексельдерді есепке алу кезінде, яғни төлеу мерзімі жетпей банкілердің вексельдерді сатып алуы кезінде банкілер алатын пайыз. Ол вексельде көрсетілген сома мен вексель ұстаушыға төленетін соманың арасындағы айырманы көрсетеді. Есеп пайызының нормасы қарыз ақша капиталына деген сұраныс пен ұсыныстың арақатынасына байланысты болады. Егер сұраныс ұсыныстан асып түссе, Орталық банктер есеп пайызын көтереді, қарыз ақша капиталы көп болса, төмендетеді.Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы — Алматы: Экономика, 2006. ISBN 9965-783-20-9
Дереккөздер
Санат:Экономика Санат:Банк терминдері