Сопақсор – Қарағанды облысы Абай ауданының солтүстік батыс жағында, Есенгелді ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 6 км жерде, теңіз деңгейінен 426,4 м биіктікте орналасқан.

Гидрографикасы Көл айдынының ауданы 5,2 км2, ұзындығы 3,6 км, енді жері 1,4 км, терең жері 0,5 м. Көлемі 1,02 млн м3. Жағалауының ұзындығы 10,8 км. Су жиналатын алабы 111 км2. Түбі лайлы. Лайының түсі қара, күкіртті сутек иісін шығарады. Жағалауы жазық, жағалауды бойлап селдір құрақ өседі. Көктемгі қар суынан толысады. Солтүстік батыс жағынан Малай өзені құяды. Суы ашқылтым, кермек, негізінен мал суару үшін пайдаланылады.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Абай ауданы (Қарағанды облысы) көлдері