thumb|300px|Асқар Тоқпанов көшесі А. Тоқпанов көшесі. А. Тоқпанов көшесі Ж. Тәшенов көшесінен басталып, Арасан, Саргүл, Өлеңті көшелерімен қиылысады. Ұзындығы - 1077,7 м.
Асқар Тоқпанов (1915-1994) - режиссер, педагог, Қазақ КСР-інің халық әртісі. Мәскеу қаласындағы Мемлекеттік театр өнері институтының режиссерлік факультетін бітіреді. «Абай», «Марабай», «Еңлік-Кебек», «Жеңіс жыры» секілді спектакльдерді сахнага шығарды. А. Тоқпанов қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрында, қазақтың балалар мен жасөспірімдер театрында, Қарағанды, Атырау, Жамбыл облысы қазақ драма театрларында басшылық қызметтерде болған. Драмалық шығармалардың идеялық-көркемдік ой мазмүнын терең ашу, ұлттық тарихи-фольклорлық дәстүр мен тіл поэзиясына ерекше назар аудару оның режиссерлік өнеріне тән қасиет болды. А. Тоқпанов көптеген өнер қайраткерлерін тәрбиелеген.Астана көшелері /Құрастырушы: Е. Тілешев, О. Сүлейменов. Алматы: 2008. ISBN 9965-32-642-8
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Астана қаласының жоспар-кестесі анықтамалық онлайн картасы
Санат:Астана көшелері