Кертінді (1999 жылға дейін — Казгородок)Қарағанды облысының әкімшілік-аумақтық құрылымының тарихы бойынша анықтамалық (29 шілде 1936 ж. - 1 қаңтар 2006 ж.) — Қарағанды облысы Нұра ауданындағы ауыл, Қызылтал ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Нұра өзенінің оң жақ жағалауында, Нұра кентінің оңтүстігінен — 33 км, Қарағанды қаласынан 150 км жерде орналасқан.
Тарихы Іргесі 1923 жылы қаланған. 1961 жылы «Чкалов» кеңшары құрылды. Жерінің жалпы ауданы - 68,6 мың га. Шаруашылықтың мамандандырылған негізгі бағыттары — егін және мал өсіру болды. Кеңшар негізінде 115 шаруа қожалығы құрылған (2006).
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1535 1020 741 72,6 528 390 73,9 492 351 71,3
Инфрақұрылымы Елді мекендерде (Кертінді және Алғабас) 2 мектеп, кітапхана, амбулатория, фельдшерлік пункт және мәдени орталықтар бар.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Нұра ауданы елді мекендері