Ақмешіт (1999 жылға дейін — Захаровка)Қарағанды облысының әкімшілік-аумақтық құрылымының тарихы бойынша анықтамалық (29 шілде 1936 ж. - 1 қаңтар 2006 ж.) — Қарағанды облысы Нұра ауданындағы ауыл, Ақмешіт ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Нұра кентінен оңтүстікке қарай 59 км-дей жерде.
Тарихы Іргесі 1907 жылы қаланған. 1931 жылы Куйбышев атындағы ұжымшары құрылды. Осының негізінде 1962 жылы Куйбышев атындағы кеңшары болып ұйымдастырылды. Барлық жайылым жері - 66,1 мың га. Шаруашылықтың мамандандырылған негізгі бағыттары - бидай өндеу және сүт шаруашылығы болды. Кеңшарда 40 шаруа қожалығы құрылған (2006).
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1157 684 431 63 322 212 65,8 362 219 60,5
Инфрақұрылымы Елді мекендерде (Ақмешіт, Қантай, Қобықол ауылдары) 2 клуб, ОДА, фельдшер пункті, 2 мектеп, 2 кітапхана жұмыс істейді. Ауылдың орталығында Ұлы Отан соғысына қатысқан (1941-45) ауыл азаматтары құрметіне жауынгерлік Даңқ ескерткіші орнатылған. Ақмешіт арқылы Астана — Нұра — Қарағанды автомобиль жолы өтеді.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Нұра ауданы елді мекендері