thumb|175px|Эквипотенциал бет Эквипотенциал бет (лат. aeguus – тең және лат. рotentіal – күш) – электр өрісіндегі электр потенциалының мәндері бірдей болатын нүктелердің геометриялық орны. Электр өрісінің күш сызықтары Эквипотенциал бетке перпендикуляр болады. Бөлшектердің Эквипотенциал бет бойымен қозғалысы кезінде электр өрісінің күші жұмыс жасамайды.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том;

Эквипотенциал беттердің қоюлығы түрліше нүктелердегі өріс кернеулігін көрнекі етіп сипаттайды. Электростатикалық өрістің кернеулік сызықтарының орналасуын біле отырып, эквипотециал беттерді құрауға және керісінше, эквипотенциал беттердің орналасуларын біле отырып, өрістің әрбір нүктесінде оның кернеулігінің шамасын және бағытын анықтауға болады.

Дереккөздер

Санат:Электростатика Санат:Гравитация