Қошке Кемеңгерұлы көшесі Ақбидай көшесінен басталып, Өзен көшесінде аяқталады. В. Суриков, Ақсу-Жабағылы, С. Әліұлы, Ынтымақ, Сарыжайлау, Шортанды, Т.Тоқтаров, Үстірт көшелерімен қиылысады. Ұзындығы - 2207,2 м.

Қошке Кемеңгерұлы (1896-1937) - Алаш қайраткері, ғалым, драматург, жазушы, журналист. Омбыда құрылған қазақ жастарының ұйымы «Бірлікке» мүше болған. 1916-1918 жылдары «Балапан» қолжазба журналының редакторы болды. Прозадағы алғашқы туындыларының бірі - «Тұтқаның ойы» әңгімесі. Қ. Кемеңгеровтің «Жетім қыз», «Дүрия», «Назиқа» әңгімелері, «Алтын сақина», «Бостандық жемісі», т.б. драмалық туындылары бар.Астана көшелері. Құрастырушы: Е. Тілешев, О. Сүлейменов. Алматы 2008. ISBN 9965-32-642-8

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Астана қаласының жоспар-кестесі анықтамалық онлайн картасы

Санат:Астана көшелері