Қарасай батыр көшесі Иманжүсіп Құтпанұлы көшесінен басталып, Аспара көшесінде аяқталады. Ұланбел, Бұланты, К. Бәйсейітова Жалын көшелерімен қиылысады. Ұзындығы - 1431,1 м.
Қарасай батыр (1589-1671) - Қарғалы, Үзынағаш, Қарақыстақ, Қастек, Жиренайғыр, Ырғайты өзендері бойындағы, Қарақия, Ақтасты, Сарыжазық, Суықтөбе тауларында, т.б. жерлердегі үрыстарда жау тебін бұзып, Суықтөбе басына туын тіккен батыр. Сол жеңістен бастап Шапыраштының, одан тарайтын рулардың ұраны «Қарасай» болды. 1643 жылы Жәңгір хан мен Жалаңтөс батыр бастаған Орбұлақ шайқасына қатысқан. 1652 жылғы соғыстарда Қарасай батыр қазақ әскерлерінің басшыларының бірі болған. Көкшетау жерінде болған соғыстардың бірінде ауыр жараланып, дүние салады. Сүйегі өзімен бірге сол үрыста қазаға үшыраған арғын Ағынтай батырмен бірге жерленген. Астана көшелері. Құрастырушы: Е. Тілешев, О. Сүлейменов. Алматы 2008. ISBN 9965-32-642-8
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Астана қаласының жоспар-кестесі анықтамалық онлайн картасы
Санат:Астана көшелері