Сақию. Қазіргі түсінігімізде — қақию, сіресу.

«Қар әбден сақия қатқан» (Ө. Қанахин, Дәмелі).

Қолда бар деректерді қарастыра келгенде сез төркіні — жүйесі басқа араб, парсы тілдерінен болса керек деген байламға келдік. Парсы тілінде «сәхт» тұлғалы сөз біздегі — қатал, қатқыл, қатты іспеттес мағыналарды ұғындырады. Алайда, парсы тіліне бұл сөз арабтардан ауысқандығын аңғарамыз. Араб тілінде «сақиғ» сөзінің мына сияқты мағыналары кездеседі: тоңазыған, қатқан; қатты суық, ызғырық.

Табиғаттың осы құбылысының нәтижесінен пайда болатын — аяз, мұз сияқтыларды да арабтар «сақиғ» сөзі арқылы түсіндіреді. Кеп жағдайда біздің тілімізде де «сақию» сөзінің «қату» етістігімен тіркеске түсуінің езі де қара жаяу емес. Біздегі жердің, судың, қардың қатуы да — қатты суық, аяздың нәтижесі. Соның бірі мұз да араб тілінде «сақиғ» болып аталатынын кердік. Осыларды еске алсақ, «сақия қату» тіркесіміз «мұз боп қату» дегенмен барабар.Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6

Дереккөздер