Әлия Молдағүлова көшесі (Астана) - Бұрынғы атауы Қ. Жалайыри көшесі. Ә. Молдағұлова көшесі Берел, Қарауыл, Бекетай, Найзақара, Керегетас, Жеңіс даңғылын, Бейбітшілік, М.Әуезов көшелерін қиып өтіп, Республика даңғылында аяқталады. Ұзындығы -2100,5 м. Әлия Молдағұлова (1924-1944) - қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры. Өз еркімен қызыл әскер қатарына сұранып, мергендердің Орталық әйелдер мектебін үздік бітіріп шығады. 1943 жылы 2-Прибалтика майданында 26-атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысып, мергендігімен көзге түседі. Әлия туралы бірнеше ән, дастан дар бар.Астана көшелері /Құрастырушы: Е. Тілешев, О. Сүлейменов. Алматы: 2008. ISBN 9965-32-642-8

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Астана қаласының жоспар-кестесі анықтамалық онлайн картасы

Санат:Астана көшелері