Қортық. Қазіргі түсінік бойынша — аласа бойлы, тапалтақ дегенге меңзейді. «Дүйсенбайдың баласы да Бибажарға тең емес, бір қортық көрінеді» (С. Сейфуллин, Шығ.). Біз келтіріп отырған мағынаға қарап-ақ, сөз төркіні парсы тілі екендігін бірден айта аламыз. «Хорд» тұлғалы сөз бұл тілде «кішкентай» және «түкке тұрғысыз» мағыналарында көрінеді . Осы тұлғаға қазақ тілінде -ық қосымшасы жалғану арқылы (қорд+ық>қортық) қазіргі мағына қалыптасқандығы байқалады. Түркі тілдерінің ішінде — хакастарда «хортых», туваларда «кортук» сияқты сөздер «қорқақ, жүрексіз» мағыналарында ұшырасады. Біздегі «қортықты» осылармен де байланыстыру жөн сияқты. Бірақ біздің түсінігіміздегі мағынасына қарағанда, парсы тілінен ауысқан деген пікіріміз дұрыс тәрізді.Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6

Дереккөздер