Бұрынғы атауы Ленин көшесі. «Заречное» тұрғын алабы. Аққұм көшесі Ұшқыштар көшесімен қиылысады. Ұзындығы - 481,1 м.

Аққұм - Қостанай облысының Жангелді ауданындағы Ұлы Жыланшық өзенінен солтүстік-шығысқа қарай бойлай созылып жатқан құмды алқап. Шөл беддемінде орналасқан. Жалпы ауданы - 375 шаршы шақырым. Түгелдей дерлік өсімдігі сирек құм төбелер мен жалдардан тұрады.Астана көшелері /Құрастырушы: Е. Тілешев, О. Сүлейменов. Алматы: 2008. ISBN 9965-32-642-8

Дереккөздер