Мақтымқұлы көшесі (Астана) - бұрынғы атауы Строительный көшесі. Мақтымқұлы көшесі І.Жансүгірұлы көшесі мен Абылай хан даңғылын қиып өтіп, М. Төлебаев көшесінде аяқталады. Ұзындығы - 4335,2 метр. Мақтымқұлы - 18 ғасырда өмір сүрген түрікменнің классик ақыны. Хиуа қаласындағы Шерғазы медресесінде оқыған. «Белгілі», «Ел жақсысы», «Керекті», «Болмаса да», «Сүйдім сені», «Налу», «Нұр түспес», «Өкінішпен өтіпсің» атты шығармалары бар.Астана көшелері /Құрастырушы: Е. Тілешев, О. Сүлейменов. Алматы: 2008. ISBN 9965-32-642-8
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Астана қаласының жоспар-кестесі анықтамалық онлайн картасы
Санат:Астана көшелері