Бидайық — Абай облысы Аягөз ауданындағы ауыл, Бидайық ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Аягөз қаласынан батысқа қарай 142 км жерде, Бақанас өзенінің сол жағалауында, бұта аралас бетеге, қылқан, боз, селеу, жусан өскен шөлейт белдемде орналасқан.

+ Халқының саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен 1053 757 71,9 540 394 73513 363 70,8 Бұрынғы Сарықамыс қой өсіру кеңшары негізінде “Шығанша” серіктестігі жұмыс істейді.

Инфрақұрылымы Орта мектеп, дәрігерлік-амбулаториялық пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.

Дереккөздер

Санат:Аягөз ауданы елді мекендері