Бахыт Аманұлы Рақышев (1937 жыл) — кеңестік партия кызметкері, Шет ауданының түлегі. Уақ руынан шыққан.
Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын (1961), КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін бітірген. Еңбек жолын 1961 жылы Шет ауданындағы Қызылтау ауылында бөлімше агрономы болудан бастаған. 1965–1985 жылы Шет аудандық партия комитетінің 1-хатшысы, Қарағанды облыстық партия комитетінің ауыл шаруашылығы бөлімінің нұсқаушысы, Тельман аудандық партия комитетінің 2-хатшысы. 1977–1983 жылдары Ульянов, Талды (1977-1983) аудандық партия комитеттерінің 1-хатшысы. 1983 жылдан Қарағанды облысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау және сапасын тексеру инспекциясының бас инспекторы, «Қаражар» кеңшарының директоры қызметтерін атқарған.
Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы, Құрмет Белгісі ордендерімен марапатталған.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Өз өмірі Әкесі Аман Рақышев (1937 жылы туған) — агроном, партия, кеңес қызметкері болған.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:1937 жылы туғандар Санат:Шет ауданында туғандар Санат:Қазақ ұлттық аграрлық университеті түлектері Санат:КОКП ОК жанындағы Жоғарғы партия мектебі түлектері Санат:Қазақстан КП Шет аудандық комитетінің бірінші хатшылары Санат:Қазақстан КП Ульянов аудандық комитетінің бірінші хатшылары Санат:Қазақстан КП Талды аудандық комитетінің бірінші хатшылары Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Халықтар Достығы орденінің иегерлері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері