Серік Ерғалиұлы Исабеков (2. 2. 1941 жылы туған, Павлодар облысы, Павлодар ауданы, Ерік селосы) — тіл білімі маманы, филология ғылымының докторы (1996). Алматы шет тілдер педагогика институтын бітірген (1964). 1964-1969 жылдары сол институтта оқытушы. 1969—1973 жылдары Мәскеудің М. Торез атынд. шет тілдер пед. институтының аспиранты. 1973—1978 жылдары Апматы шет тілдер институтында оқытушы. 1978—1988 жылдары осында кафедра меңгерушісі, 1988—1994 жылдары неміс тілі факультетінің деканы. Қазақ мемлекеттік хапықаралық қатынас және әлем тілдері институтындағы диссертациялық кеңестің төрағасы (1998). Мәскеуде "Неміс тіліндегі түрақты сөз тіркестері" деген тақырыпта канд. (1996), ал Алматыда "Неміс және қазақ тілдеріндегі лексика мен фразеологияның арасындағы қоспалы принцип" деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Ғапымның 30-дан аса ғылыми мақалалары мен екі монографиясы жарық көрді.Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3
Дереккөздер
Санат:Қазақ тілі Санат:Тұлғалар