thumb|right|Шәкен Айманов Ш. Айманов көшесі Ж. Омаров көшесінен басталып, Ы. Дүкенұлы көшесінде аяқталады. С. Сейфуллин, Қарағанды, Ә. Жангелдин, И. Панфилов көшелерімен, Бөгенбай батыр даңғылын қиып өтеді. Ұзындығы - 1475,7 м.
Шәкен Айманов (Шаһкерім) (1914-1970) - аса көрнекті актер, режиссер. КСРО халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Ол қазақ сахнасында көптеген рөлдерді сомдады. 1953-1970 жылдар аралығында «Қазақфильм» студиясының көркемдік жағын басқарып, қазақ кино өнерінің өркендеуіне үлес қосқан.Астана көшелері /Құрастырушы: Е. Тілешев, О. Сүлейменов. Алматы: 2008. ISBN 9965-32-642-8
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Астана қаласының жоспар-кестесі анықтамалық онлайн картасы
Санат:Астана көшелері