Сәйкестендіру () — баспа-таңбаның қағаз бетіне дұрыс орналасуын, оның екі жақ бетіндегі баспа-таңбаның бір-біріне сәйкес келуін, сондай-ақ көп бояулы басылымда әр бояу таңбаларының бірінің үстіне бірі дәл қабаттасуын қамтамасыз ету. Сәйкестендіру форманы орнынан қозғау және қағаз беру жүйесін реттеу арқылы атқарылады.Полиграфия, өлшеу техникасы, ағаш өңдеу жабдықтары және металл өңдеу техникасы мен технологиясы: Қазақша-орысша терминдердің түсіндірме сөздігі. Сәйкестендіру белгілері Сәйкестендіру белгілері () - тік бұрышты қиылысатын қысқа, жіңішке сызықтардан құралған белгілер (крест). Олар түпнұсқаның, фотоформаның не (фотоформалар монтажының), басу формасының шеткі жағына қойылады. Сәйкестендіру белгілері бояулардың сәйкес қабаттасуын қадағалау үшін және басылған табақ беттеріндегі сәйкестендірілу дәлдігін бағалау үшін қолданылады.
Дереккөздер
Санат:Полиграфия