Қорықбаев Ілияс (1937, Батпақты ауылы, Ырғыз ауданы — 1994, Батпақты ауылы, Ырғыз ауданы) — жыршы.

Өмірбаяны Ауылдық Кеңестің хатшысы

почта байланысы бөлімінің бастығы

кеңшар бухгалтері қызметтерін атқарған.

Өнер жолы Домбыра тартуды жездесі Зәкария жыраудан үйренген.

Құрманғазының «Ақсақ киік», «Адай», «Кісен ашқан», Тәттімбеттің «Саржайлау», «Сылқылдақ», «Былқылдақ», т.б. күйлерін домбырада тамаша орындаған.

Атақты Ақан сері Қорамсаұлының «Құлагер», «Маңмаңгер», «Балқадиша», «Жаяу Мұса», Байжанұлының «Ақ сиса», «Сұрша қыз», Біржан Қожағұлұлының «Айтбай», «Ғашығым» т.б. әндерін домбыраға қосылып шырқаған.

Ш. Қалдаяқовтың әндері мен Нұрхан Ахметбековтың «Есім Сері», «Жасауыл қырғыны», «Ұры қарға» поэмаларын және «Алпамыс батыр», «Ер Тарғын»,"Қозы Көрпеш-Баян сұлу" эпостық жырларды жатқа айтқан.

Дереккөздер

Санат:1937 жылы туғандар Санат:Ырғыз ауданында туғандар Санат:1994 жылы қайтыс болғандар Санат:Ырғыз ауданында қайтыс болғандар Санат:Қазақстан жыршылары Санат:Күйшілер