Атакамит — СuС12 ЗСu(ОН)2 . Минералдың аты Атакама (Чили) шөлінің атына қойылған. Химиялық құрамы. Cu 59,5%, С1 16,6%, Н2O 23,9%. Қаттылығы 3—3,5, меншікті салмағы 3,7—3,8. Түсі көгілдір, қара көк. Сызығы жасыл. Шыныдай жылтырауық. thumb|left|165пкс|Құрылымдық сызбанұсқасы Сингониясы ромбылық ; ромб-дипирамида түрінде. Бейнесі призмаша; талшықты, тұтас түрлері де болады. Оптикалық солақай, 2u = — 75° Ng =1,880, Nm = 1,861, Np, = 1,831
Жаратылысы. Атакамит мысты кендердің тотық бетінде куприт, малахит, азуриттермен бірге пайда болады. Атакамит мыс кенінде қолданылады.
Кендері КСРО-да Солтүстік Уралда, Қазақстанда, Алтайда; шет елдерде Копиапода, Санта-Розада (Чили), Альгодонбайда (Боливия), Бурра-Буррада (Австралия) бар.Кристаллография, минералогия, петрография. Бұл кітап Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік педагогты институтының, география факультетінде оқылған лекциялардың негізінде жазылды, 1990. ISBN 2—9—3 254—69
Дереккөздер
Санат:Мыс минералдары Санат:Галогенидтер