Магмалық жьныстардың минералдық құрамы. Тау жыныстарының минералдық құрамы, олардың химиялық құрамына сәйкес, магманың өзгешеліктерімен және оның кристалдану жағдайларымен анықталады. Сондықтан магмадағы басты элементтер — оттек пен кремний. Демек, магмалық жыныстардың өте маңызды бөлшектері силикаттар және кварц болады.
Магмалық тау жынысының құрамына кіретін минералдар екіге бөлінеді: басты минералдар — бұлар тау жынысының қай топқа жататынын анықтаушылар екінші дәрежедегі минералдар — бұлар жыныстарда аз мөлшерде кездеседі немесе тіпті болмайды; олардың болу-болмауынан жыныстың жалпы түрі өзгермейді.
Бұдан басқа, жыныс құраушы минералдар түсті және түссіз минералдар болып та бөлінеді. Түсті минералдар — темірлі магнийлі (фема) силикаттар—бұлар амфиболдар, оливин-пироксендер, биотиттер. Түссіз минералдар құрамында кремний мен алюминий тотықтары басымырақ , сондықтан оларды «сал» минералдар деп те атайды. Бұлар көбінесе мөлдір келеді. Түсті минералдары көп жыныстар меланократтық , түссіз минералдары кептері лейкократтық бөлігі айрылады.Кристаллография, минералогия, петрография. Бұл кітап Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік педагогты институтының, география факультетінде оқылған лекциялардың негізінде жазылды, 1990. ISBN 2—9—3 254—69
Дереккөздер
Санат:Химия Санат:Кристаллография