Көшеге әрі ақын, әрі батыр, XIX ғасырда Исатай Тайманов басқарған шаруалар көтерілісінің көсемдердің бірі Махамбет Өтемісұлының есімі (Алматы қаласы әкімінің 1994 жылғы 11 ақпандағы Ма61 шешімі) берілген. Махамбет Өтемісұлы (1804-1846) Батыс Қазақстан облысы Орда ауданында дүниеге келген. Махамбеттің отты жырлары барлық уақытта халқын еркіндікке, тәуелсіздікке ұмтылдырар құнды мұра болып қала бермек.
Көше Алатау ауданында орналасқан. Бұрынғы атауы - 1-ші көше. Көшенін ұзындығы - 5400 метр.Алматы көшелері. Анықтамалық энциклопедия. – Алматы: “ИП Волошин” баспасы, 2009. ISBN 978-601-7157-18-0
Дереккөздер
Санат:Алматы көшелері