Бейжайлық - адам көңіл күйінің өтпелі қалпы. Әдетте, бейжайлық аурудан не жалғыздықтан жалығып жабыққанда, болмаса бір сарынды жұмыстан болдырып қажығанда туындайды. Бейжайлық, көбінесе, қайратсыз, ерікжігері босаң, күйреуік жандардың басын да жиі кездеседі. Өзінің көздеген мақсаты айқын, соған сай қажыры мен күшқуаты жеткілікті, тиянақты да табанды адамдар бейжайлыққа бой алдырмайды. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7

Дереккөздер

Санат:Әлеуметтану Санат:Терминология