Қуаныш Айтаханұлы Айтаханов (1947 жылғы 14 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданында дүниеге келген) — қазақстандық мемлекет және қоғам қайраткері.

1990–1994 жылдары — Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты. 2005–2017 жылдары — Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының III, IV, V және VI шақырылымдарының депутаты. 1973-1990 жылдары - Оңтүстік Қазақстан Облыстық кеңесінің депутаты.

Өмірбаяны Қуаныш Айтаханұлы Айтаханов 1947 жылғы 14 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы (қазіргі Түркістан облысы) Отырар ауданы Отырар ауылдық округінің аумағында дүниеге келген.

1965 жылы Жамбыл зоотехникалық-малдәрігерлік техникумын, 1970 жылы Мәскеу қаласындағы Еңбек Қызыл Ту орденды, К.И. Скрябин атындағы Мәскеу ветеринариялық академиясын, 1981 жылы Алматы жоғары партия мектебін үздік бітірген.

Ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты (1995), Экономика ғылымының докторы (2008).

2008–2010 жылдары С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің кандидаттық және докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңесінің мүшесі болды. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.

Қазақ және орыс тілдерін еркін меңгерген.

Еңбек жолы 1965–1973 жылдары – Шымкент облысы Қызылқұм аудандық ветеринариялық станциясында ветеринарлық фельдшері / Алғабас ауданындағы ХХІІ партия съезі атындағы кеңшардың бас мал дәрігері. 1973–1975 жылдары – Шымкент облыстық партия комитетінің нұсқаушысы, Қазақстан ЛКЖО Шымкент облыстық комитетінің екінші хатшысы. 1975–1977 жылдары – Ленин аудандық партия комитетінің екінші хатшысы. 1977–1983 жылдары – Шардара аудандық атқару комитетінің төрағасы. 1983–1987 жылдары – Ленин аудандық атқару комитетінің төрағасы. 1987–1988 жылдары – Шымкент облыстық агроөнеркәсіптік комитеті төрағасының бірінші орынбасары. 1988–1992 жылдары – Арыс қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы, Арыс қалалық халық депутаттары кеңесінің төрағасы. 1992–1993 жылдары – Арыс қаласының әкімі. 1993–1999 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімі. 1999–2003 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының әкімі. 2003–2005 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының әкімі.

Сайланбалы қызметтері және депутаттық қызметі 1990–1993 жылдары – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты. 2005–2017 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты. Осы кезеңде: Экономикалық және өңірлік саясат комитетінің мүшесі; Аграрлық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау комитетінің хатшысы; Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшесі қызметтерін атқарды.

Сонымен қатар Сенаттағы «Өңір» депутаттық тобы жетекшісінің орынбасары, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің мүшесі қызметтерін атқарды.

2019 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Парламент Сенатының, Сенаторлар кеңесінің мүшесі. https://senate.parlam.kz/ru-RU

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентінің Австрия Республикасы, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі, Иран Ислам Республикасы, Испания Корольдігі және Француз Республикасы парламенттерімен ынтымақтастық жөніндегі депутаттық топтарының құрамында болды.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының Экономика және аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі ретінде халықаралық парламентаралық ынтымақтастықты дамытуға атсалысты.

Отбасы Жұбайы - Омарова Айман Мағзиқызы (1947 жылы туған), Ұлдары: Ерлан (1971 жылы туған), Нұрлан (1980 жылы туған), қызы Aйгүл (1974 жылы туған).

Марапаттары мен атақтары Мемлекеттік наградалары: «Құрмет Белгісі» ордені (КСРО, 1982 жыл),«Құрмет» ордені (2004 жыл),.«Парасат» ордені (2010 жыл), Медальдары: «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін»;«Еңбек ардагері»;«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл»;«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл»;«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл»;«Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл»;«Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл»;«Қазақстан Республикасы Парламентіне 10 жыл»;«Қазақстан Республикасы Парламентіне 30 жыл»;«Астана»;«Астананың 10 жылдығы»; «Тың игеруге 50 жыл»;«Тың игеруге 60 жыл Халықаралық марапаттары: «Достастық» ордені (2017 жылғы 27 наурыз, ТМД Парламентаралық Ассамблеясы) – Парламентаралық Ассамблея қызметіне белсенді қатысқаны және ТМД халықтары арасындағы достықты нығайтуға қосқан үлесі үшін. «Парламентаралық ынтымақтастықты нығайтқаны үшін» медалі (2016 жылғы 24 қараша, ТМД Парламентаралық Ассамблеясы) – парламентаризмді дамытуға, демократияны нығайтуға және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге қосқан ерекше үлесі үшін. сондай-ақ ТМД Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

Құрмет грамоталары мен алғыс хаттары: Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасы. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Құрмет грамотасы. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының Құрмет грамотасы. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің екі Алғыс хатымен марапатталған. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың екі Алғыс хатына ие болған. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Алтын барыс» алтын төсбелгісімен наградталған.

Төсбелгілері мен өзге де марапаттары: «КСРО Азаматтық қорғанысының үздігі»; «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі»; «Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығының үздігі» төсбелгілерінің иегері. 1981, 1982 және 1983 жылдары КСРО Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің (ВДНХ) алтын және күміс медальдарымен марапатталған. «Социалистік жарыстың жеңімпазы» белгісімен және «Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек сіңірген қайраткері» медалімен наградталған. 2017 жылы «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының Құрметті мүшесі атағына ие болып, мемлекеттік тілді дамытуға, насихаттауға және қолданыс аясын кеңейтуге қосқан елеулі үлесі үшін «Ана тілі» төсбелгісімен марапатталды. Сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облыстық халық депутаттары кеңесінің, оның атқару комитетінің, облыстық әкімдіктің және облыстық мәслихаттың Құрмет грамоталарымен бірнеше рет марапатталған. Құрметті атақтары: Түркістан облысының Қазығұрт, Арыс, Созақ, Сайрам, Отырар, Бәйдібек, Шардара аудандары мен Түркістан қаласының Құрметті азаматы. Түркістан облысының Құрметті азаматы (2017 жыл).

Шығармашылығы Қуаныш Айтаханұлы Айтаханов – қоғамдық-саяси, тарихи-танымдық және ғылыми еңбектердің авторы. 1999–2005 жылдары жарық көрген еңбектері: «Шежірелі Сайрам»;«Сайрамда бар сансыз баб»;«Мәртөбелі Сайрам»;«Отырар энциклопедиясы»;«Тәушен»;«Шежірелі Отырар»;«Отырар жәдігерлері».

2006–2020 жылдары жарық көрген еңбектері: «Ел мерейі жолында»;«Сөз сұраймын»;«Елге қызмет – басты міндет»;«Қызмет еттім халқыма»; «Өмір белестері»; "Мерей", "Cол бір жылдар"«Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеудің қалыптасу кезеңдері» («Этапы становления государственного регулирования сельского хозяйства Республики Казахстан»);«Ауыл проблемалары»;«Ауыл шаруашылығының дамуын мемлекеттік реттеу» («Государственное регулирование развития сельского хозяйства»), 200-ден астам ғылыми еңбектері мен мақалалары жарық көрген.

Дереккөздер

Санат:1947 жылы туғандар