Убайдулла Мырзағалиұлы Стамқұлов 1951 жылы 8 наурызда Түркістан облысы Ленгер ауданының Первомаевка ауылында туған. Қазақ. Әкесі - Стамқлұов Мырзағали, марқум, Шымкент облысы Леңгір нан комбинатында цех бастығы болып еңбек еткен. Анасы - Стамқұлова Бибімәрия, марқум. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген (1974), қуқықтанушы; С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген (1982). Заң ғылымдарының кандидаты (1982), доцент. Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Күрделі құрылысты жобалық-сметалық құжатнамамен қамтамасыз етудің азаматтық-құқықтық мәселелері». «Заңды тұлғалар: тарихы және қазіргі тұжырымдамалары» кітабының (2000), «Қазақстан Республикасының бейкоммерциялық ұйымдары» оқу құралының (2002), 50-ге жуық ғылыми мақаланың, оқу құралдарының авторы. Қазақ, орыс және неміс (сөздіктің көмегімен) тілдерін біледі. 1968 жылдан - Шымкент облысы Леңгір аудандық сотының сот мәжілісінің хатшысы. 1969 жылдан - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің студенті. 1974 жылдан- КСРО ІІМ Қарағанды Жоғары мектебінің оқытушысы, аға оқытушысы, азаматтық құқық және процесс кафедрасының бастығы. 1990 жылдан - ҚР ІІМ Қарағанды Жоғары мектебі бастығының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары, бірінші орынбасары. 1996 жылдан - ҚР МТК Қарағанды жоғары мектебінің бастығы. 1997 жылдан ҚР ҰҚК Қарағанды жоғары мектебінің бастығы. 1999 жылдан Б. Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды заң институтының бастығы. 2002 жылдан - ҚР Премьер-министрі Кеңсесінде қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімінің консультанты құқық қорғау органдары секторының меңгерушісі. 2003 жылдан - ҚР Премьер-министрі Кеңсесі қорғаныс жөніндегі құқықтық тәртіп бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2004 жылдан - ҚР әділет вице-министрі. 2005 жылдан бері - ҚР Конституциялық Кеңесінің мүшесі «Ерен еңбегі үшін» (1972), «Астана», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медальдармен марапатталған. ҚазКСР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері (1983). Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (2005). Полиция полковнигі. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Л. Эрхард, У. Черчилль, Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Тұрақты қарқынды, дамыған мемлекет». Хоббиі - спорт, кітап оқу. Сүйіп оқитын әдебиеті - көркем, тарихи әдебиет. Үйленген. Жұбайы - Стамқұлова Ираида Эрвиновна (1957 жылы туған), заңгер. Қыздары - Лаура (1982 жылы туған), Дина (1984 жылы туған).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар