Ясновка — Солтүстік Қазақстан облысы Есiл ауданындағы ауыл, Яснов ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Явленка ауылының оңтүстік-батысқа қарай 40 км-дей жерде орналасқан.

Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 857 адам (399 ер адам және 458 әйел адам) болса, 2009 жылы 766 адамды (353 ер адам және 413 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

Тарихы Іргесі 1909 жылы қаланған. 1976–96 жылдары ет бағытындағы мамандандырылған шауашылық бірлестігінің орталығы болды. Ауылдың оңтүстік-батысына қарай 3 км жердегі Көлдер сайынан “Яснов пілі” деп аталған төрттік кезеңде өмір сүрген піл қаңқасы табылған.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том

Дереккөздер

Санат:Есіл ауданы (Солтүстік Қазақстан облысы) елді мекендері