thumb|Болат Кенжекешұлы Байқадамов Болат Кенжекешұлы Байқадамов (3 ақпан, 1946 жыл, Алматы облысы Кербұлақ ауданы, Қоғалы ауылы) - Философия ғылымдарының кандидаты (1987).
Өмірбаяны Әкесі - Байқадамов Кенжекеш Байқадамұлы, марқұм, Қарулы күштерде қызмет еткен. Анасы - Байқадамова Күлғайша Әділбайқызы, зейнеткер, орта мектепте мұғалім болған. С.М. Киров атындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философиялық-экономикалық факультетін бітірген (1975), философ, философия пәнінің оқытушысы; Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген (2006), заңгер. 1975 жылдан - Жамбыл технологиялық институтының оқытушысы. 1979 жылдан - Қарағанды политехникалық институтының аға оқытушысы. 1987 жылдан - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің доценті. 1988 жылдан - Қарағанды мемлекеттік университетінің проректоры, партком хатшысы. 1990 жылдан - Қазақстан Компартиясы ОК идеологиялық бөлімінің консультанты. 1991 жылдан - Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің консультанты. 1992 жылдан - ҚР Туризм, дене шынықтыру және спорт министрлігінің бөлім бастығы; Кәсіпкерлер конгресінің бөлім менеджері. 1993 жылдан - коммерциялық фирманың директоры. 1994 жылдан - ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия Аппаратының кеңесшісі. 1999 жылдан ҚР Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия Хатшылығының меңгерушісі ҚР Президенті Әкімшілігі Қоғамдық-саяси бөлімінің сектор меңгеруішісі. 2000 жылдан - Қоғамдық-саяси бөлім меңгерушісінің орынбасары ҚР Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия Хатшылығының меңгерушісі. 2002 жылдан - ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл. 2007 жылдан бері - ҚР Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімі секторының меңгерушісі.
Ғылыми жұмыстары Философия ғылымдарының кандидаты (1987). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Онтогенез және антропогенез процесінде ізгілікті эмоциялар мен сезімдерді қалыптастыру». 50-ден астам ғылыми мақалалардың, қоғамдық-саяси және құқық қорғау тақырыптарына арналған 30-дан аса жарияланымдардың авторы.
Марапаттары «Астана» (1998) медалі «Ерен еңбегі үшін» (2001) медалі «Қазақстан Республикасы Конституциясына 10 жыл» (2005) медалі «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006) медалі «Астанаға 10 жыл» (2008) медалі
Отбасы Үйленген. Жұбайы - Байқадамова Мерекеш Текенқызы, ҚР Парламенті Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитеті Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары. Ұлы - Байқадамов Данияр (1972 жылы туған); қызы - Байқадамова Анель (1983 жылы туған).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:3 ақпанда туғандар Санат:1946 жылы туғандар Санат:Кербұлақ ауданында туғандар Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті түлектері Санат:Философия ғылымдарының кандидаттары Санат:Тараз мемлекеттік университеті оқытушылары Санат:Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті оқытушылары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті оқытушылары Санат:Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті оқытушылары Санат:Астана медалінің иегерлері Санат:Ерен еңбегі үшін медалінің (Қазақстан) иегерлері Санат:Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Қазақстан Республикасының парламентіне 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Астанаға 10 жыл медалінің иегерлері