Бақытбек Тәжібайұлы Тәжібай (2 ақпан, 1958 жыл, Алматы облысы Іле ауданында туған) - ҚР Спорт және туризм агенттігі төрағасы (1999-2000).
Өмірбаяны Алматы энергетика және байланыс университетін бітірген, инженер-теплоэнергетик. 1980 жылдан - Алматы ӨТБ турбина цехының машинисті-қараушысы. 1981 жылдан - ҚазКСР Ауыл шаруашылығы министрлігінің аға инженері. 1984 жылдан - ҚазКСР Ауыл шаруашылығы министрлігінің бас энергетигі м.а. 1986 жылдан - ҚазКСР Мемлекеттік агроенеркәсіп комитетінің жетекші маманы. 1987 жылдан - ҚазКСР Мемлекеттік агроөнеркәсіп комитетінің кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары. 1988 жылдан - кәсіподақ комитеті терағасы. 1991 жылдан- ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің істер басқарушы. 1994 жылдың наурыз айынан - Алматы облыстық әкімшілігінің Спорт, туризм және жастар істері басқармасының бастығы. 1994 жылдың сәуір айынан - Алматы облысы әкімінің орынбасары. 1995 жылдың қараша айынан - ҚР Үкіметі Аппараты жетекшісінің бірінші орынбасары. 1996 жылдан - ҚР Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитеттің директоры. 1998 жылдан - ҚР Инвестициялар жөніндегі агенттігі өкілдігінің жетекшісі. 1999 жылдан - ҚР Спорт және туризм агенттігі төрағасы. 2000 жылдан - төрағасының бірінші орынбасары. 2004 жылдан - ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Спорт істері комитеті төрағасының орынбасары. 2006 жылдан - «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ басқарушы директоры. 2007 жылдан - «Әлеуметтік инновациялық технологиялар» АҚ, «Қазына» АҚ президенті. 2008 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы. 2009 жылдан - «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары. 2010 жылдан бері - «ҚазТрансГаз» АҚ бизнес қолдау жөніндегі басқарушы директоры.
Отбасы Үйленген. 2 баласы бар.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:1958 жылы туғандар Санат:2 ақпанда туғандар Санат:Іле ауданында туғандар Санат:Алматы энергетика және байланыс университеті түлектері Санат:Қазақстан спорт және туризм министрлері