Шавкат Әнуарұлы Саитов (1951 жылы 20 маусымда Қырғыз КСР-інде туған) - мұнай-газ өнеркәсібінің қайраткері.
Өмірбаяны Уфа мұнай институтын «Газмұнай құбырларын, газ қойма-және мұнай базаларын жобалау және пайдалануға енгізу» мамандығы бойынша бітірген. 1974 жылдан - «Саратовтрансгаз» бірлестігінің Мақат желілік-өндірістік басқармасының технологиялық компрессорлар машинисі, газ компрессорлық стансасының аға диспетчері, КС аға инженері. 1977 жылдан сон кезде салынып жатқан КСРО Орынбор - Батыс шекара газ құбырының Орал дирекциясының аға инженері КС және энергетикалық құрал-жабдықтар жөніндегі бөлім бастығының орынбасары. 1978 жылдан ОралКС бастығы, Орал желілік-өндірістік басқармасының аға инженері, «Оралтрансгаз» МБ инженері. 1994 жылдан - «Қазақгаз» МХК газ көлігі басқармасының бастығы. *1995 жылдан - «Батыстрансгаз» АҚ газ көлігі басқармасының бастығы. 1997 жылдан - «Интергаз Орталық Азия» ЖАҚ «Орал» АО басқармасының бастығы, менеджері. 2000 жылдан - «Интергаз Орталық Азия» АҚ батыс аймақ бойынша техникалық менеджерінің орынбасары, «Атырау» магистралдық газ құбырлары басқармасы директорыныңКС бастығы, Орал желілік-өндірістік басқармасының аға инженері, «Оралтрансгаз» МБ инженері. 2008 жылдан - «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Ақтау» МГБ директоры, аға инженері. 2009 жылдан бері - «Интергаз Орталық Азия» АҚ техникалық дамыту жөніндегі атқарушы директоры.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:Қазақстан мұнайшылары