Сарқырама, Сарымсақты – Есіл алабындағы өзен.

Географиялық орны Ақмола облысы Сандықтау ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 79 км, су жиналатын алабы 1500 км2.

Бастауы Жақсытүкті тауларынан басталып, Спасское аулынан 6 км төменде Жабай өзеніне құяды.

Гидрологиясы Сарқыраманың Көкшетау қыратынан басталатын жоғарғы бөлігі таулық сипатты, аңғары кең (1,5 — 2,0 км). Жайылмасы төменгі бөлігінде 1 — 2 км, арнасы тік жарлы (6 м) Жылдық орташа су ағымы Каменка ауылы тұсында 1,09 м2/ Сарқыраманың бойында бірнеше бөгет бар.Қазақ Энциклопедиясы, 7 томҚазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5

Дереккөздер

Санат:Сандықтау ауданы өзендері Санат:Есіл су алабы