«Челси» (; ағылшынша айтылуы: ) — Англия чемпионаттарында ойнайтын футбол клубы, Лондонның оңтүстік батысындағы Фулем аймағынан. 1905 жылы құрылған, өз алаңындағы ойындарын "Стэмфорд Бридж" стадионында өткізеді, сыйымдылығы 41 841 адам.
Алты рет Англия чемпионы, сегіз рет Англия кубогы иегері атанды. Англия лига кубогында бес рет топ жарды. 2011/12 жылғы маусымда тұңғыш рет Чемпиондар лигасы жеңімпазы атанды, бұл турнирде топ жарған жалғыз лондондық клуб.
Тарихы
ХХ ғасыр Клуб 1905 жылы құрылды, бірақ 1950 жылдарға дейін бір де бір жүлде ұтып ала алған жоқ. 1954/55 жылғы маусымда бапкер Тед Дрейктің жетекшілігімен тұңғыш рет Англия чемпионы атанды. Осы табыстан соң Чемпиондар лигасының тұңғыш маусымына қатысуға мүмкіндік алды, алайда Англиядағы ішкі турнирдердегі күнтізбенің тым тығыздығынан аталмыш турнирге қатысқан жоқ.
1960 жылдары бапкер Том Дохертидің тұсында "Челси" түрлі турнирлерде фаворит саналды. 1964/65 жылғы маусымда Лига кубогының финалында сүрінді. Үш рет осы турнирдің жартылай финалына жетті.
1970 жылы тұңғыш рет Англия кубогында топ жарды, финалда "Лидс Юнайтедті" тізе бүктірді. Ал келесі жылы Кубок иелері кубогында "Реал Мадридті" ұтып, тұңғыш рет еурокубоктерде топ жарды.
1970-80 жылдардың тоғысында клубтың жағдайы мәз болмады, "Стэмфорд Бридж" аренасын қайта жөндеу қыруар ақшаны талап етті де, бірнеше белді футболшылары сатылды, нәтидесінде команда Англия екінші дивизионына түсіп қалды. 1982/83 жылғы маусымда тіпті үшінші дивизионға түсіп кете жаздады. Бір маусымнан соң екінші дивизионда жеңімпаз атанып, элитаға қайта оралды. 1988 жылы қайта түсіп кетті де, 1989 жылы жазда тағы көтерілді.
Тоқсаныншы жылдардың ортасына таман клуб ақырындап жоғарылай бастады. Бұл кезең әсіресе бапкерлікке Глен Ходдл келген соң басталды. 1993/94 жылы Англия кубогында жеңімпаз атанды. Бұл шарықтау 1998 жылы шыңына шықты: клуб екінші рет УЕФА Кубок иелері кубогында топ жарды.
ХХІ ғасыр 2003 жылы жазда команданы ресейлік кәсіпкер Роман Абрамович сатып алған соң команда бірден Еуропаның үздік клубтарымен бәсекеле алатындай дәрежеге жетті, команда тізгінін Жозе Моуриньо ұстады. 2004/05 жылы Англия чемпионы атанды, Чемпиондар лигасында жартылай финалға шықты. 2005/06 жылы екінші рет Англия чемпионы атанды, алайда Чемпиондар лигасында болашақ жеңімпаз "Барселонаға" жол берді.
2006/07 жылғы маусымда Чемпиондар лигасында "Ливерпульден" ұтылды. Бір маусымнан соң Жозе Моуриньо қызметтен кетіп, орнына Аврам Грант келді. 2007/08 жылғы маусымда команда тұңғыш рет Чемпиондар лигасының финалына шығып, "Манчестер Юнайтедтен" пенальтилер сериясы арқылы ұтылып қалды.
Сол жылы жазда клубқа бапкер болып әйгілі Луис Фелипе Сколари келді. Алайда 2009 жылы ақпанда ол да қызметтен кетіп, орнына Гуус Хиддинк келді. Маусым қорытындысында "Челси" Англия кубогын ұтумен ғана шектелді. Чемпиондар лигасының жартылай финалында "Барселонаға жол берді.
2009 жылы жазда клубқа бапкер болып Карло Анчелотти келді де, екі маусым атқарды. Бұл аралықта клуб бір рет Англия чемпионы атанды. 2011 жылы португалиялық Андре Виллаш-Боаш келді, ол клубта ұзақ тұрақтамады, 2012 жылдың көктемінде нашар көрсеткіштері үшін қызметтен босады. Орнына клубтың байырғы ойыншысы Роберто ди Маттео бапкер міндетін орындаушы боп тағайындалды. Ди Маттео үш айдан соң клубты тұңғыш рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атандырды. Осы жеңістен соң Ди Маттео клубтың ресми жаттықтырушысы боп бекітілді. Бірақ 2012 жылы қарашада ол қызметтен кетіп, орнына Рафаэль Бенитес келді. Бенитестің тұсында клуб Еуропа лигасында топ жарды (2013).
2014/15 жылы Жозе Моуриньоның бапкерлігімен Англия чемпионы атанды.
2016/17 жылғы маусымда Антонио Контенің бапкерлігімен Англия чемпионы атанды.
2018/19 жылы Маурицио Сарридің бапкерлігімен араға алты жыл салып, УЕФА Еуропа лигасында топ жарды. 2019 жылы жазда бапкерлікке Фрэнк Лэмпард келді. 2021 жылы қаңтарда клуб көрсеткіштері нашарлап кетті де, Лэмпардтың орнына Томас Тухель тағайындалды.
Құрамы Тамыз, 2021 №ҚақпашыларТуған күніАзаматтығы1Кепа03.10.1994 36Гайбриел Слоннина15.05.200416Эдуар Менди01.03.199240Карло Цигер11.05.2001№ҚорғаушыларТуған күніАзаматтығы2Марк Кукурелия03.03.19933Мало Гюсто28.12.199026Калиду Кулибали20.06.19916Тиаго Силва22.09.198415Бенуа Бадиашили26.03.200121Бен Чилуэлл21.12.199624Рис Джеймс08.12.199928Сесар Аспиликуэта28.08.198933Уэсли Фофона17.12.2000№Жартылай қорғаушыларТуған күніАзаматтығы5Жоржиньо20.12.19917Нголо Канте29.03.199110Кристиан Пулишич18.09.199817Матео Ковачич06.05.199419Мейсон Маунт10.01.199920Рахим Стерлинг08.12.199422Хаким Зиеш19.03.199324Энцо Фернандез17.01.200129Кай Хаверц11.06.199915Михаило Мудрик05.01.2001№ШабуылшыларТуған күніАзаматтығы9Пьер-Эмерик Обамеянг18.06.198931Нони Мадуэке10.03.200218Давид Дарто Фофона22.12.2002
Жетістіктері Ұлттық
1 дивизион / Премьер-лига Чемпион (6): 1954/55, 2004/05, 2005/06, 2009/10, 2014/15, 2016/17 2 дивизион Чемпион (2): 1983/84, 1988/89 Англия кубогы Жеңімпаз (8): 1970, 1997, 2000, 2007, 2009, 2010, 2012, 2018 Лига кубогы Жеңімпаз (5): 1965, 1998, 2005, 2007, 2015 Суперкубок Жеңімпаз (4): 1955, 2000, 2005, 2009
Халықаралық
Чемпиондар лигасы Жеңімпаз (2): 2012, 2021 Финалист : 2008 Еуропа лигасы Жеңімпаз (2): 2013, 2019 Конференция Лигасы Жеңімпаз (1): 2025 Кубок иелері кубогы Жеңімпаз (2): 1971, 1998 УЕФА Суперкубогы Жеңімпаз (2): 1998, 2021 Клубтар әлем чемпионаты Жеңімпаз (2): 2021, 2025 Финалист: 2012
Рекордшылары Ардагерлер №ОйыншыКезеңМатчГол1 1961—1980795142 72903 1998—2017717674 2001—20146482115 592646 2004—201549407 1990—2001445768 1987—1998421109 1983—199242019310 1962—19744105
Сұрмергендер №ОйыншыКезеңГолМатч1 2001—20142116482 1959—19702023703 1983—19921934204 1643815 1948—1956592645 1964—19791503687 1957—19611321698 1929—19431252399 1983—199211035210 1962—1974109164
Жыл ойыншылары Жыл Жеңімпаз1967 Питер Бонетти1968 Чарли Кук1969 Дэвид Уебб1970 Джон Холлинс1971 Джон Холлинс1972 Дэвид Уебб1973 Питер Осгуд1974 Дэвид Уебб1975 Чарли Кук1976 Рэй Уилкинс Жыл Жеңімпаз1977 Рэй Уилкинс1978 Мики Дрой1979 Томми Лэнгли1980 Клайв Уолкер1981 Петар Борота1982 Майк Филлери1983 Джоуи Джонс1984 Пэт Нэвин1985 Дэвид Спиди1986 Эдвард Недзвецки Жыл Жеңімпаз1987 Пэт Нэвин1988 Тони Дориго1989 Грейам Робертс1990 Кеннет Монку1991 Энди Таунсенд1992 Пол Эллиотт1993 Фрэнк Синклер1994 Стив Кларк1995 Эрланд Йонсен1996 Рууд Гуллит Жыл Жеңімпаз1997 Марк Хьюз1998 Деннис Уайз1999 Джанфранко Дзола2000 Деннис Уайз2001 Джон Терри2002 Карло Кудичини2003 Джанфранко Дзола2004 Фрэнк Лэмпард2005 Фрэнк Лэмпард2006 Джон Терри Жыл Жеңімпаз2007 Майкл Эссьен2008 Джо Коул2009 Фрэнк Лэмпард2010 Дидье Дрогба2011 Петр Чех2012 Хуан Мата2013 Хуан Мата2014 Эден Азар2015 Эден Азар2016 Виллиан
Бас жаттықтырушылар
ҰлтыАтыКөрсеткіштеріЖеңіске жеткен турнирлерТэд Дрейк1952—196142415610316577177236,791 Бірінші Дивизион жеңімпазы, 1 Англия СуперкубогіТомми Дохерти1962—1967302143649552642247,351 Футбол лигасыгының кубогіДейв Секстон1967—197437316510810057043844,231 Футбол ассоциациясының кубогі, 1 УЕФА кубогінің иегерлерінің кубогіДжон Нил1981—198520484625832625341,181 Екінші дивизион жеңімпазыДжон Холлинс1985—198814456375119621438,891 Толық мүшелер кубогіБобби Кэмпбелл1988—199116174474028023045,961 Екінші дивизион жеңімпазы, 1 Толық мүшелер кубогіРууд Гуллит1996—19988241172415710950,001 Футбол лигасыгының кубогіДжанлука Виалли1998—200014275382922212352,821 Футбол ассоциациясының кубогі, 1 Футбол лигасыгының кубогі, 1 УЕФА кубогінің иегерлерінің кубогі, 1 Англияның суперкубогі, 1 УЕФА СуперкубогіКлаудио Раньери2000—2004199107464635819753,77Жозе Моуринью2004—2007 & 2013—2015321204694857524063,553 Премьер-лиги жеңімпазы, 1 Футбол ассоциациясының кубогі, 3 Футбол лигасыгының кубогі, 1 Англияның суперкубогіГус Хиддинк2009 & 2015—20164826157925254,161 Футбол ассоциациясының кубогіКарло Анчелотти2009—20111096720222419461,471 Премьер-лиги жеңімпазы, 1 Футбол ассоциациясының кубогі, 1 Англияның суперкубогіРоберто Ди Маттео2012422499915557,141 Футбол ассоциациясының кубогі, 1 УЕФА Чемпиондар ЛигасыРафаэль Бенитес2012—20134727119974957,451 УЕФА Еуропа Лигасы
Символика Эмблема
Форма
Демеушілер Басты демеушілер мен форманы дайындаушылар
ЖылдарФорманы дайындаушыларБасты демеушілер1968-1981 Umbroболған жоқ1981-1983 Le Coq Sportif1983-1984Gulf Air1984-1986болған жоқ1986-1987 Chelsea Collection* Grange Farm Bai Lin Tea1987-1993 Umbro Commodore1993-1994Amiga1994-1997 Coors1997-2001 Autoglass2001-2005 Fly Emirates2005-2006 Samsung Mobile2006-2008 Adidas2008-2015 Samsung2015-2017 Yokohama2017- Nike Ғаламдық спонсорлар Ғаламдық спонсорлар Audi — ғаламдық автомобильдік серіктес. Delta Air Lines — ғаламдық авиатасмалдаушы серіктес. Газпром — ғаламдық энергетикалық серіктес. Singha — пиво дайындайтын компания. Sauber F1 Team — Формулы-1 тобы.
Аймақтық спонсорлар
Аймақтық спонсорлар 188BET — букмекерлік контора. Bank Negara Indonesia — ұлттық Индонезия банкі. EA SPORTS — видеойындарының ресми серіктесі. Coca-Cola — американдық азықтық компаниясы. Barbados Tourism Authority — туристік компания.
Дереккөздер
Сілтемелер Клубтың ресми сайты Челси футбол клубы нәтижелері
Санат:Англия футбол клубтары Санат:Челси ФК