Валерий Кенжеғалиұлы Жүнісов (1950 жылы 24 қаңтарда Орал қаласында туған) - Орал қаласының басшысы (1990-1992).
Ленинград су көлігі институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітірген (1972). 1973 жылдан - Орал өзен кемешілігінің астырушысы, бас инженері. 1977 жылдан - Қазақстан Компартиясының Орал облыстық комитетінде нұсқаушы. 1981 жылдан - Мұнай өнімдері мемлекеттік комитеті облыстық басқармасының бастығы. 1987 жылдан - Қазақстан Компартиясы қалалық комитетінің екінші хатшысы, облыстық комитетінің өнеркәсіпкелік белімінің меңгерушісі, облыстық комитетінің әлеуметтік-экономикалық бөлімінің меңгерушісі,қалалық комитетінің бірінші хатшысы. 1992 жылдан Конденсат» АҚ бас директоры.1999 жылдан бері - «Конденсат» компаниялар тобы кеңесінің төрағасы. «Құрмет белгісі», «Құрмет» ордендерімен; «Қажырлы еңбегі үшін», «Еңбектегі ерлігі үшін», «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен; «Қазақстан мұнайына 100 жыл» белгісімен марапатталған.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:24 қаңтарда туғандар Санат:1950 жылы туғандар Санат:Оралда туғандар Санат:Санкт-Петербург су көлігі институты түлектері Санат:Қазақстан мұнайшылары Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:Құрмет орденінің иегерлері Санат:Қажырлы еңбегі үшін медалінің иегерлері Санат:Еңбектегі ерлігі үшін медалінің иегерлері Санат:Ерен еңбегі үшін медалінің (КСРО) иегерлері Санат:Қазақстан мұнайына 100 жыл медалінің иегерлері Санат:Орал қалалық партия комитетінің бірінші хатшылары