Қылышбек Мұқанұлы Қуандықов 1951 жылы 10 мамырда Гурьев облысы, Мақат ауданының Мақат кентінде туған.
В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын (1976) бітірген, инженер-механик. 1999 жылдан - «Ақ Берен» РМҚК (қазір - «Ақ берен» КӘАҚҚ ОШ РМХК ӘАҚЖ) бастығы.
Марапаттары «Ерен еңбегі үшін медалімен» (2004), «Қазақстан мұнайына 100 жыл» (2000), 3-ші (2002) және 2-ші (2006) дәрежелі «Еңбек Даңқы», «Еңбек үздігі» (2003), «Әскери «Кен апатынан құтқару қызметіне 70 жыл» (2002) белгілерімен ҚР Президентінің (2001), ҚР ТЖА төрағасының (2004), ҚР ТЖМ (2006) алғыс хаттарымен, ҚР ТЖА (2001), Атырау облысы әкімінің (2001), ҚР ТЖМ министрінің (2005) құрмет грамоталарымен марапатталған. ҚР жер қойнауының Құрметті барлаушысы (2003). Төтенше органдарының ардагері (2010)Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:10 мамырда туғандар Санат:Мақат ауданында туғандар Санат:1951 жылы туғандар Санат:Ерен еңбегі үшін медалінің (Қазақстан) иегерлері Санат:Еңбек Даңқы орденінің иегерлері