thumb|right|200px Жан Бодрияр (; 27 шілде 1929, Реймс, Франция – 6 наурыз 2007, Париж, Франция) — француз әлеуметтанушысы, мәдениеттанушы және постмодернист-философ, фотограф, Йель университетінде дәріс берген. Ол медиа, қазіргі заманғы мәдениет және технологиялық коммуникация саласындағы зерттеулерімен, сондай-ақ гипершынайылық сияқты тұжырымдамаларды жасауымен кеңінен танымал. Бодрияр тұтынушылық, саяси экономия сыны, әлеуметтік тарих, эстетика, Батыстың сыртқы саясаты және танымал мәдениет сияқты әртүрлі тақырыптарда жазды. Оның ең танымал еңбектерінің қатарына «Фуконы ұмыту» (1977), «Арбау» (1978), «Симулякрлар мен симуляция» (1981), «Америка» (1986) және «Шығанақтағы соғыс болған жоқ» (1991) жатады. Оның жұмыстары жиі постструктурализммен байланыстырылады.​ ​ Соған қарамастан, Бодрияр постструктурализмге қарсы шығып, постмодернизмнен де алшақ болды.

Ол тұтынудың "белгілерді белсенді түрде қолдануға", соның нәтижесінде қазіргі қоғамда белгілер мен тауар өндіру Тауар белгісі өндірісіне айналуына алып келетінін семиология тұрғысынан дәлелдеді. Белгілер мен нақтылықтың айырмашылығын жояды, "тұрақты мәннің жойылуына алып келеді". Ол бұны постмодернизмнің сипаттық белгісі ретінде көрсетеді.

Негізгі еңбектері: "Тұтыну қоғамы", "Имитации".Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Санат:27 шілдеде туғандар Санат:1929 жылы туғандар Санат:Францияда туғандар Санат:2007 жылы қайтыс болғандар Санат:Парижде қайтыс болғандар Санат:Франция философтары Санат:Постмодернизм Санат:Алфавит бойынша тұлғалар Санат:Алфавит бойынша философтар Санат:Саяси философтар