Әбд әл-Мәлік ибн Маруан әл-УмәйяБРЭ/Абд Аль-Малик (; 646—705) — Умәйядтар халифатының 5-ші халифі.
Өмірбаяны 646 жылы Медине қаласында дүниеге келген. Өте білімді адам болған.
683 жылғы Умәййя билігіне қарсы қозғалыс кезінде Абд әл-Мәлік туған жері Мединеден қашып кетеді. Екі жылдан кейін әкесі I Маруанның өлімінен кейін халифатқа мұрагерлік жолымен келіп, өзінің көмекшісі Әл-Хаджадж ибн Жүсіппен бірге Умәйя әулетінің билігіне қарсы қозғалыстарды тұншықтырып, мұсылман әлемін қайта біріктіру үшін 7 жылға созылған соғыс науқанын бастайды. Ол солтүстік Африканы бағындыра отырып берберлерді өз жағына тартады. 697 жылы Византия Империясына бағынышты Карфагенді жаулап алады. Медина діни қызметкерлерімен жақсы қарым қатынаста болғандықтан, олардың көпшілігі Омейя әулетіне бағытталған қарсылықтарын тоқтатады. Араб тілін халифаттың барлық аймақтарының мемлекеттік тілі ретінде бекітеді және сол кезеңде қолданылып жүрген Византиялық шақаларды ауыстыру үшін дербес алтын шақалар шығарады. Оның билігі тұсында Иерусалимде Жартас Күмбезі мешіті салынды.Encyclopedia Britannica ISBN 978-5-17-038532-4
Дереккөздер
Санат:Умәйя әулетінің халифтері